1. Жалпы ережелер
1) Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: "Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы ЖШС “ GS Group Astana” "Арна" балабақшасы". Заңды мекенжайы Қосшы қаласы, Қожа Ахмет Яссауи 8.
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
2023 жылы білім беру бөлімі 284 қызметті көрсетті;
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген қызметтер саны – 0;
электрондық нұсқада көрсетілген қызметтер саны – 284;
Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
3) Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
Білім беру саласында сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:
«Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектепке дейінгі (6 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою»;
2. Қызмет алушылармен жұмыс:
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернет ресурста орналастырылған arna.aqmoedu.kz білім бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері орналастырылған.Сондай-ақ, ақпараттық стендтерде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған.Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.
Қазіргі уақытта заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет порталында жүзеге асырылады. Білім бөлімінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлемеген.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында ЖШС “ GS Group Astana” "Арна" балабақшасында бірыңғай ақпараттық жүйеде жұмыс істейді Аkmola.kz. Жүйеде 2 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылуда.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
2023 жылы қызметкер мемлекеттік қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер саласындағы заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бекітілген бақылау іс-шаралар жоспарына сәйкес білім беру ұйымдарында бақылау іс-шаралары өткізілді. Бақылау іс-шараларын жүргізу кезінде бірқатар ұйымдарда бақылау іс-шаралары барысында жойылған жекелеген сәйкессіздіктер байқалды. Жалпы, олар көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына әсер еткен жоқ. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу және негізсіз бас тарту анықталған жоқ.
3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.
Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу анықталған жоқ.Мемлекеттік қызметтерді бұзушылықтарға жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің одан әрі тиімділігін және оның сапасына қыметті алушылардың қанағаттануын арттыру
2024 жылы ЖШС “ GS Group Astana” "Арна" балабақшасы жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыратын болады.